”Мына тірлігі ұят”: Меруерт Түсіпбаева 10 жасар ұлына көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованы қатаң сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мына тірлігі ұят”: Меруерт Түсіпбаева 10 жасар ұлына көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованы қатаң сынады

”Мына тірлігі ұят”: Меруерт Түсіпбаева 10 жасар ұлына көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованы қатаң сынады

Меруерт Түсіпбаева 10 жасар ұлына салоннан су жаңа қымбат көлік әперген Мадина Сәдуақасованы қатаң сынап тастады.

  • 10 Шiлде
  • 279
Фото - Caravan.kz

Меруерт Түсіпбаева әріптесінің мақтаншақтыққа толы бұл қылығы үшін өзі ұялып отырғанын жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті бірге оқитын достары көрмесін деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, мама, әлеуметтік желіге салмашы дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мадинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу…мақтану. Әріптесім үшін мен ұялып отырмын. Сөзім жоқ», — деп жазған өнер иесі.

Screenshot