Жарияланды: 1300

"Мынау өліктің жаназасында тұрғандардың бәрі тозаққа кетеді": Желіде тәңіршілердің жерлеу рәсімі тарап кетті (ВИДЕО)

"Мынау өліктің жаназасында тұрғандардың бәрі тозаққа кетеді": Желіде тәңіршілердің жерлеу рәсімі тарап кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тәңіршілердің жерлеу рәсімі деген видео тарап кетті. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ерқанат Тұрсынжанұлыныі фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Атеисттердің жерлеу рәсімі. Түрлеріне қарасаң қазақтар сияқты", деп жазды ол. 

Видеода "О, қадірменді Жалайыр биі, руы Ақбұйым. Сені жарық дүниеден тылсым дүниеге қидым. О, Тәңірім Құдайым! Үзілмейтін өмірді жасаған сен, өлім сәтін жасаған сен, ғұмырды жасаған сен. Өмірді өмірге жалғаған, заңдылықтарды жасаған сен деп өлең ұйқассыз жолдармен айтылған. Көпшіліктен қарыз, парызы бар жоғы сұралып, жерлеу, ас қайыру рәсімдері көрсетілген.

"Мынау өліктің жаназасында тұрғандардың бәрі тозаққа кетеді)) бұндай үрдісті доғартпаса ертең Ел болып қалуымыз екі талай. Демократия деген сайын лағып кете беруге жол бермеу керек. Анау паранжа киіп, бес тал сақалын сапситып жүргендерді де шестерналарын айналдырып мамалатпаса болмайды. Бабалардың ұстанған ханафи мазхабында болуымыз керек. Мынау видеодағы қауым Қытай мен Рессейден ақшалай көмек алатынына осы іс-шараларына 100 % кепілдік беремін, бұлар сатқындар іріткі салып жүрген Ел ішіне", "Не деп тұр ,тақпақ оқып тұрма сахнада тұрғандай ,осылар қайдан шығады екен. Ойларына не келсе соны істеп", деп жазды оқырмандар. 

 

Атеисттердің жерлеу рәсімі. Түрлеріне қарасаң қазақтар сияқты..

Posted by Ерқанат Тұрсынжанұлы on Tuesday, May 10, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін