Мыңдаған жеткіншекті зорлаған Пәкістандықтың әйелі болған жайтқа құрбандарды кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңдаған жеткіншекті зорлаған Пәкістандықтың әйелі болған жайтқа құрбандарды кінәлады

Мыңдаған жеткіншекті зорлаған Пәкістандықтың әйелі болған жайтқа құрбандарды кінәлады

16 жыл ішінде 1,4 мың жеткіншекті зорлаған банда құрамындағы Пәкістан азаматының әйелі болған жайтқа жеткіншектерді кінәлады.
 

  • 4 Қазан 2017
  • 1162
Фото - Caravan.kz

Британдық Ротерхэм қаласында 1 400-ге жуық жасөспірім қыздарды қинаған Пәкістандық келімсектің зайыбы Daily Mail берген сұхбатында оқиға құрбандарының өздері кінәлі екенін атап өтті , — деп мәлімдейді Lenta.ru

Суджу есімді әйел зорланған қыздарды "кір" затқа теңеді. "Олар қалай киінеді? Олардың ұяты жоқ, Алладан да қорықпайды",- деді ол.

Күйеуінің жасаған істерін ақтауға бола ма деген сұраққа ол қарсылығын білдірді. " Жоқ, адамға зорлық көрсетуге болмайды, Алла мұны қаламайды", — деп ойын білдірді Суджу. Сонымен қатар, ол күйеуіне шаң жуытпай, зорланған қыздар күйеуін қара күшпен дуалап тастаған деген болжамын алға тартты.

2014 жылдың тамызында британдық құқық қорғаушылардың баяндамасы жарияланған болатын. Ол бойынша 257 мың тұрғыны бар Ротерхэм қаласында 1997-2013 жылдар аралығында 1,4 мыңға жуық бала зорлауға ұшыраған делінеді. Сол кезде басты күдіктілер қатарында елдегі иммигранттар, әсіресе пәкістандық келімсектер саналған болатын.


Соңғы жаңалықтар