Мысырда қазақ студенттерін құпия қызметтің адамдары ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырда қазақ студенттерін құпия қызметтің адамдары ұстаған

Мысырда қазақ студенттерін құпия қызметтің адамдары ұстаған

Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған.

  • 28 Шiлде 2017
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

"Бүгін Қазақстан елшісі Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Мысыр өкілдері қазақстандық студенттерді ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстағанын хабарлады. Олар бізге балалардың аман-есен және қауіпсіз жерде екенін айтып, жақын арада толығырақ мәлімет беруге уәде берді", — деді  Әнуар Жайнақов.

"Жаңа ғана Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов ұсталған студенттердің туыстарымен кездесіп, оларға барлық жағдайды түсіндіріп берді", — деп айтып өтті ҚР СІМ өкілі.

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық
алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені
хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 
 

Соңғы жаңалықтар