Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттер табылды

Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық студенттер табылды

Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді Каир қаласында құқық қорғау органдары ұстаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

  • 25 Шiлде 2017
  • 279
Фото - Caravan.kz

"Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша, аталған қазақстандық студенттерді Қаир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ", — деп хабарлады Жайнақов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі мысыр тарапынан біздің азаматтарымызды ұсталуы, қазіргі орны мен жағдайлары туралы ресми жауап талап етуде.

"Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселе бойынша кездесу өткізбек.Қосымша ақпарат мысыр тарапымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады.Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында", — деді ол. 


 

Соңғы жаңалықтар