Мысырдағы апаттан соң Астана әуежайында жолаушылар жүгі мұқият тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдағы апаттан соң Астана әуежайында жолаушылар жүгі мұқият тексеріліп жатыр

Мысырдағы апаттан соң Астана әуежайында жолаушылар жүгі мұқият тексеріліп жатыр

Мысырдағы Ресей ұшағының құлауынан соң Астана халықаралық әуежайындағы қауіпсіздік дереу күшейтіліп жатыр. Әсіресе, лайнерге жіберілмей тұрып жолаушылардың жүктері бұрынғысынан да жіті тексерілуде.

  • 11 Қараша 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Гүлнар Сәтпаева, «Эйр Астана» әуе компаниясының менеджері:

-Жолаушылардың жүктері сканер арқылы екі мәрте тексеріледі. Оның үстіне иісшіл иттер бар. Қауіпті заттың ұшаққа жіберілуіне жол бермейміз. Өйткені, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін біз жауап береміз.

Әуежай қызметкерлері ұшақтардың қыста жайлы қонуына барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз дейді. Ұшу алаңындағы қар күні-түні тазартылуда.  Әрі ұшақтардың қанаттарына мұз қатпауын да ерекше бақылауға алған. Өйткені, Арқаның  қысы қатты, желі де күшті. Мұндай қауіпсіздік шараларының шұғыл күшейтілуіне жақында Мысырда апатқа ұшыраған Ресей лайнері себеп. Шарм-әл-Шейхтен Санкт-Петерборға бағыт алған ұшақтың ішінде 224 адам көз жұмған еді. Болжам бойынша, жолаушылардың бірі лайнерге сөмкесіне бомба салып кірген.