Н. Назарбаев Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістігін құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістігін құруды ұсынды

Н. Назарбаев Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістігін құруды ұсынды

Бүгін елордада өтіп жатқан VІІІ Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық кеңістігін құруды ұсынды.

  • 22 Мамыр 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.

«Біріккен Еуразиялық Экономикалық кеңістігін құруды ұсынамын… Бізге барлық қатысушылардың ұлттық мүддесіне жауап беретін ортақ ережелер  қабылдау маңызды. Ережелер, ең алдымен, ресурстардың саудасы, тасымалдануы және қозғалысына қатысты болуы керек. Біріккен Еуразиялық кеңістік шеңберінде тұрақты түрде қызмет ететін алаң құру қажет. Бұл алаңда құрлықты дамыту, оның мүшелері арасындағы ықпалдастықты күшейту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Астана экономикалық форумы осындай алаң бола алады», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.