Сапар аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен қазақстандық-итальяндық бизнес-форум өткізу жоспарлануда. Онда ауыл шаруашылығы техникасы, машина жасау, азық-түлік өнімдері, тоқыма өнімдері, мұнай секторы және құрылыс сияқты салаларда жалпы сомасы шамамен 500 миллион доллар болатын 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарлануда.