Н. Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоғанның атына құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоғанның атына құттықтау жеделхатын жолдады

Н. Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоғанның атына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоғанның атына Әділет және даму партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,

  • 14 Маусым 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Президенті баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев түрік халқы таңдауын жасаған сайлау Әділет және даму партиясына білдірілген сенім мен оның мемлекеттің дамуына қосқан көрнекті үлесін мойындауының дәлелі екенін атап өткен.

«Біздің елдеріміздің басқарушы партиялары арасындағы байланыс Қазақстан мен Түркияның стратегиялық әріптестігін нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді», делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Түркия Премьер-Министріне зор денсаулық пен табыс, ал түрік халқына игілік пен гүлдендеу тілеген.

Соңғы жаңалықтар