Нағима Есқалиева KeshYou солисіне құда түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нағима Есқалиева KeshYou солисіне құда түсті

Нағима Есқалиева KeshYou солисіне құда түсті

Күні кеше атышулы KeshYou тобының 10 жылдық мерейтойы өтті. Аталған концерттен кейін Баян ханым өнердегі достарының басын қосып, мол дастархан жайды. Қонаққа келген Нағима Есқалиева қыздардың біріне құда түскісі келетінін айтты.

  • 2 Маусым 2016
  • 762
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Күні кеше есеп беру концертінен кейін продюсер Баян Есентаева өнердегі барша достары мен әріптестерін қонаққа шақырды. Қыздардың қуанышын бөлісуге Нағима Есқалиева, Санда, Аида Кәуменова, Әлішер Кәрімов, Арман Дүйсенов, Айқын Төлепберген, Кентал, Бүркіт пен Айша сынды шоу-бизнес өкілдері келді.

Нағима Есқалиева көңілді кештің көркін қыздырып, қыздарының бірін ұлы Диасқа алып бергісі келетінін айтты. Бұл ұсынысқа продюсер ханым қуана келіскен-ді.

Әзірге Нағима Есқалиеваның келіні нақты қай бойжеткен болатыны белгісіз. Балжан Бидаш өмірлік серігін таңдап үлгергендіктен, қалған екі қыздың біреуі бұйырар деген ниетте. Мұнымен қатар, әншілер келісім-шартпен жұмыс істейтіндіктен, Нағима ханымның 5-6 жыл уақыт күтуіне тура келеді.


Бұл жаңалықты естіген Бүркіт мырза тезірек құдаласып, сырға салып қоюға кеңес берді.

Диас Аблаев осы уақытқа дейін берген сұхбаттарының бірінде болашақ жарының сырт келбетін Бритни Спирске, жан-дүниесін анасына ұқсататынын айтқан болатын. Әзірге әншінің анасының таңдауымен қаншалықты келісетіні белгісіз.