Нағыз жаңа жыл Наурыз! - орыс жігіті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нағыз жаңа жыл Наурыз! - орыс жігіті

Нағыз жаңа жыл Наурыз! - орыс жігіті

Әлеуметтік желіде домбыра ұстап метрода жүрген түрі славян тектес жігіттің видеосы пайда болды. Ғаламтор қолданушылары оны жарыса бөлісіп жатыр.

  • 11 Қаңтар 2017
  • 956
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Әлгі жігіт метроның вагонына кіреді де "Сіздерге күлкі сыйлайын деп келдім. Тек мені дұрыс түсініңіздер. Маған ақша беріп жүрмеңіздер" дейді. Сөйтіп, "араларыңызда Жаңа жылды жұмыста қарсы алғандар бар ма?" деп сұрайды. Сонда есікке тақау тұрған бір жігіт "иә" дейді. Ал домбыралы азамат әнін соған арнайтынын айтады. Орысша ән сөзінің қазақша мағынасы мынадай:

"Егер Жаңа жылды жұмыста қарсы алсаң, мұңайма,

Оның да ретін табармыз.  

Кімге сеніп жүргеніңді білмеймін ғой, солай ма? 

Ал нағыз Жаңа жыл Наурыз!  Наурыз! Наурыз!"


Шіркін-ай, дұрыс айтылған сөздер

Posted by Kanat Sakhariyanov on Tuesday, January 10, 2017

Соңғы жаңалықтар