"Найман атамның аруағын қорламаңыздар" Әнші Майра Ілиясова руды күлкіге айналдырған асабаға ашуланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Найман атамның аруағын қорламаңыздар" Әнші Майра Ілиясова руды күлкіге айналдырған асабаға ашуланды

"Найман атамның аруағын қорламаңыздар" Әнші Майра Ілиясова руды күлкіге айналдырған асабаға ашуланды

Әлеуметтік желіде тараған асабаның Найман руына байланысты айтқан қалжыңдары белгілі продюсердің шамына тиді. Әнші Майра Ілиясова Найман атаны күлкіге айналдырғандарға қатаң жауап берді.

  • 18 Ақпан 2022
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«Мен Найманның қызымын! Орта жүзден шыққан ұлы Найман атамыз бүкіл қазаққа аты шыққан елдің бірлігін, амандығын ойлаған Алланың бұйрығымен артынан мыңдаған ұрпақ өрбіткен қасиетті Ұлы тұлға! Сіздердің де қасиетті аталарыңыз Ұлы жүз,Кіші жүз бабалары сияқты қазақтың ұлан ғасыр даласын жаудан қорғап, мына біз сияқты ұрпақтарының бақытты өмір сүруін армандаған біздің Ұлы бабаларымыз!» — деді Майра Ильясова Instagram парақшасында.

«Анасы Найман,әйелім Найман деп деп тойда елдің алдына шығып мәз боп тұрған сайқымазақ Найман атамның күйеу баласы ма ,әлде той жүргізген арзан әзілімен артист болып тұрған асаба ма?» — деді әртіс.


Әйел басыммен намыстаным отырмын!
Найман атамның аруағын қорламаңыздар дегім келеді!!!! Ойланайық ағайын", деп жазды әнші.

ВИДЕО: https://www.instagram.com/p/CaEJerDAAga/

Соңғы жаңалықтар