Жарияланды: 3800

"Наймандар әкеңді өлтірді ме?": Алмат Сақатов наймандарды даттайтындарға жауап берді

"Наймандар әкеңді өлтірді ме?": Алмат Сақатов наймандарды даттайтындарға жауап берді

Белгілі актер Алмат Сақатов  наймандарды даттайтындарға ашуы қара қазандай.

Бұл туралы ол арнайы видео жариялап, наймандар руын даттайтындарға жауап берді.

"Құрметті менің әріптестерім! Әртістер және сол әртістердің аузына сөз салып беретін сценарийстер! Найман сендерге не істеді? Әкеңді өлтірді ме? Қызыңды зорлады ма? Ошағыңды ортасынан түсірді ме? Сендерде найманнан басқа тақырып жоқ па? Кеше теледидардан көрдім ол жерде екі полицей бір жігітке: "Его наказывать не буду, его Бог наказал он женился на найманке". Ол не сөз? Шамаң жетсе әлімді неге мазақтамайсың? Қоңыратты неге мазақтамайсың? Мына жақта Албан мен Суанды неге мазақтамайсың? Батыстағы Адайды неге мазақтамайсың? Айтып көріңдер адай туралы, ертең 5 бала пышақпен келіп тұрсын. "Есі кеткен бала, шешесінің етегін көтеріп ойнайды", - деген. Найман деген ол - Қабанбай батыр, басқасын айтпай ақ қояйын", - деп сөзін аяқтады Алмат Сақатов жариялаға бейнежазбада.

 

Жанар Айжановадан басталады бұл мазақ

Posted by Almat Rahimbekov on Monday, December 23, 2019

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін