"Намазға келіп сұрақтарыма жауап таптым" : Актриса Жазира Еркін намазға қалай келгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намазға келіп сұрақтарыма жауап таптым" : Актриса Жазира Еркін намазға қалай келгенін айтты

"Намазға келіп сұрақтарыма жауап таптым" : Актриса Жазира Еркін намазға қалай келгенін айтты

Танымал актриса Жазира Еркін дін мен психологияға қалай бет бұрғанын айтты.

  • 31 Тамыз 2023
  • 1360
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Өз өзімді түсінбей кеткен кездер болды. Мысалы, қаншалықты экран алдына шығып жүрсем де ішім алай-дүлей болып жататын. Жақындарыммен қарым-қатынасым бұзылды. Сол нәрсе 24 жасыма дейін жалғасты. Оны дін арқылы жеңдім. Бір кездері ішімде болып жатқан жағдай жақындарыма қатты біліне бастады. Өйткені, туған әпкем бір курс жайлы пост жіберді. Ол 2019 жылдың аяғы еді. Оны белгі ретінде қабылдадым. Дінге, психологияға, өзімді тануға деген қызығушылығым содан басталды. Ол намазға ұласты. 25-ке толған кезде намаз оқып бастадым. Сонымен жүргіме тыныштық келді. Өзімді түсіне бастадым. Айналамды түсініп, көзім ашылды. Өмірім дейін және кейінге бөлінді. Сұрақтарыма жауап таптым", — дейді ол. 

Сондай-ақ, ол не себепті Мәскеуге кеткенін де жасырмады.

"Қақаған қыста Мәскеуге кеттім. Ол жақта ешкімім болмаса да кетіп қалдым. Ол жақта 1 жылдан аса болдым.  Барғаннан кейін 2 айдан кейін комедиямен айналысатын жаңа ортамен таныстым. Мәскеуге барып, өзімнің сенімділігімді арттырып келдім. Маған әрдайым оқыған актер болу қандай болатыны қызық болатын. Түсірілім алаңында міндетті түрде оқыған актер, оқымаған актер деп айтылады, айтыла беретін де шығар. Сол нәрсе кезінде намысыма қатты тиетін. Аяққа тұрсам, Мәскеуге барып оқып келемін деп айтатынмын. Енді оқимын дегенде, менің жасым келмей қалды. Актрисалар 24 жасқа дейін ғана оқуға түсе алады. Сондықтан мен жеке курстарды таңдадым. Бірақ, маған ұнамады. Өйткені білетін нәрсемді қайтадан өзіме үйретті.Бірақ мен ол оқуды тастап, өзіме ұнайтын орта таптым", — дейді актриса. 


Соңғы жаңалықтар