Нанның қымбаттауына депутаттар тегіс қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нанның қымбаттауына депутаттар тегіс қарсы шықты

Нанның қымбаттауына депутаттар тегіс қарсы шықты

Астыққа бай Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына депутаттар тегіс қарсы шықты. Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздегі қоймаларға онсыз да астық сыймай жатыр.

  • 12 Қараша 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Яғни, бидай асып-тасып тұрғанда ұн мен ас атасының құнын көтеру еш қисынға келмейді.

Ауыл шаруашылығы министрі дәл осы депутаттарға келіп, жаңа жылдан бастап наубайханаларға мемлекеттен бөлінетін субсидияны тоқтатуды сұраған еді. Жыл сайын миллиардтар жұмсап, қымбатшылықты қолдан ұстап тұру қазынаға ауыр тиіп отыр екен. Сондықтан, Үкімет теңгенің соңынан нанның да бағасын еркіндікке жібермек. Ауыл шаруашылығы министрлігі  №1 тағамды турап сатуды да ұсынып дауға қалып жатыр. Ал егер субсидия тоқтаса, нанның құны 90 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Мұны мәжілісмендер олигархтарға жасалаған лобби деп түсінді.   

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

-Қазақстандағы элеваторлардың бәрі бидайға толы. Артық астықты қайда жіберерімізді білмей жатқанда нанның бағасын көтерудің қажеті не? Оған экономикалық негіз жоқ. Қазір біз өзімізден бөлек, 66 миллион шетелдік тұтынушыны ұнмен қамтамасыз етіп отырмыз.