"Нәпсісін тұсаулаған жан ғана жеңіске жетеді": Алтынай Жорабаева ой саларлық жазбасын бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нәпсісін тұсаулаған жан ғана жеңіске жетеді": Алтынай Жорабаева ой саларлық жазбасын бөлісті

"Нәпсісін тұсаулаған жан ғана жеңіске жетеді": Алтынай Жорабаева ой саларлық жазбасын бөлісті

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева нәпсіні тұсаулау керек деп халыққа ақыл айтты.

  • 4 Мамыр 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзің секілді адамдармен жарыссаң, жетістікке жету қиын болатынын айтты. Өмірде ең бастысы көштен қалмау екенін ескертеді ол.

«Адам баласы өзі секілді адамдармен жарыста ешқашан жеңіске жете алмайды екен. Себебі, өмір ол — біреуден ілгері біреуден кері жүріп керуеніңді көштен қалдырмау», — деп жазды Жорабаева.

Қай салада болсын, табысты болып, өз бағытыңды айқындауың қажет деп ақыл айтты әнші. Оның пікірінше, табандылық адам бойындағы басты қасиет екен.


«Ал өзімен жарысып, нәпсісін тұсаулаған адам жеңіске жетіп, өмірден ойып орын алып, көшбасшы болып жатады көбіне. Сондықтан, қай салада болмасын, табысты болып, бір мамандықтың шыңына шығуға болады. Табандылық таныта білсек болғаны», — дейді әнші.

Соңғы жаңалықтар