Нәрестелер арасында ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нәрестелер арасында ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

Нәрестелер арасында ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

Астанада ата-аналар жаңа туылған нәрестелеріне ең көп қоятын есімдер анықталды.

  • 6 Желтоқсан 2018
  • 149
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді. Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды – Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.


Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

Соңғы жаңалықтар