"Наркоздан оянбай қалмаймын ба": Гүлзира Айдарбекова ота жасатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Наркоздан оянбай қалмаймын ба": Гүлзира Айдарбекова ота жасатпақшы

"Наркоздан оянбай қалмаймын ба": Гүлзира Айдарбекова ота жасатпақшы

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отаға дайындалып жатқанын айтты.

  • 28 Сәуiр
  • 5
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында көңіліндегі қорқынышымен бөлісті.

«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой, бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балдарыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, мен неге сонша сәнделіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды деп, өзімнен-өзім көңлім әр нәрсеге босаумен жүрдім.

Түн жарымда Айгүл Бердігалиева есіме түсті. Алдында түс көріп, историясында Қайраттың мамасын не үшін көргенімді білмеймін, денсаулығына көңіл бөлсінші деп айтқанын, елдер маған көп жіберді. Дайрегіне танымасам да смс жазып,бірақ жауап алмағанмын.Қайта кіріп қарасам смс жазыпты, ватсап нөмірін де жаза кетіпті. Бір Алла ғой ретке келтіруші, бірақ түсі де аяны да тура келетінін қарап жүргенмін. Бәрі жақсы болады деген жылы сөзін есітіп қуанып қалдым. Бір ауыз жылы сөз адамға қаншалықты жігер береді десеңші. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой, сіздерде сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылар продюсерге қолдау білдіріп, тезірек жазылып кетуін тілеуде.

А»лла амандық берсін. Бәрі сәтті өтсін.Отбасыңызға ауырып тұрдым аунап тұрдым деп аман есен оралыңызшы.Тілектеспін», «Бәрі жақсы болады, уайымдамаңыз», «Жақсылыққа сеніңіз», «Қазір медицина дамыған, қорықпаңыз», — деп жазды олар.