NASA Марста өмір сүруге болатынын дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
NASA Марста өмір сүруге болатынын дәлелдеді

NASA Марста өмір сүруге болатынын дәлелдеді

Он мың адамнан іріктелген төрт азамат бір жыл Марста өмір сүрген.

  • 9 Шiлде
  • 11
Фото: видеодан алынған

4 ерікті былтырғы жылдың 25 маусымынан бастап АҚШ-тың Хьюстон штатындағы ғарыш орталығында сынақтан өткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

NASA ең ұзақ әрі ең қымбат экспериментті аяқтады. Бұл туралы Euronews мәлімдеді.

Экипаж 378 күн сыртқы әлемнен оқшау өткізді. Азық-түлікті өздері өсірді. «Марстықтардың» радио арқылы жауап алуы үшін шамамен жарты сағат күтуіне тура келді, сондықтан экипаждың көпшілігі туындаған мәселені өз бетінше шешуге мәжбүр болды. Еріктілердің хәл-ахуалын қашықтықтан бақылап отырған. Төрт астронавт он мыңнан астам үміткердің ішінен таңдап алынды.

NASA ең алдымен ғарышкерлердің оқшауланған, ресурсы шектеулі 160 шаршы метрлік блокта қонғаннан кейін өткізетін өмірінің психологиялық аспектілерін зерттегенін атап өтті.

Онда көмек пен кеңес сұрау мүмкіндігі де шектеулі: тәжірибе барысында шешілген негізгі мәселенің бірі — Жермен байланыстың кешігуі болды.

Бүкіл эксперимент блогы және «планетаның» айналасы 3D принтерде басып шығарылды. Енді алынған тәжірибе негізінде жаңаша алгоритмдер құрылып, технологиялар жасалады. Осындай сынақты 2025 және 2027 жылдары өткізу жоспарда тұр.