NASA Қазақстанға алғыс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
NASA Қазақстанға алғыс білдірді

NASA Қазақстанға алғыс білдірді

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) Қазақстанға NASA миссияларын қамтамасыз еткені үшін алғыс айтты.

  • 14 Сәуiр 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін біз Адамзаттың ғарышқа ұшуының халықаралық күнін атап өтеміз! Биыл біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстан NASA-ның ондаған миссиялары үшін ғарышқа қақпа болды және біз оның ғарыш кеңістігін игерудегі маңызды рөлін мойындаймыз. Халықаралық ғарыш станциясының ұшыру алаңы болу арқылы Қазақстан арманымызды жүзеге асыруға көмектеседі. Халықаралық ғарышқа ұшу күні құтты болсын!!", — делінген хабарламада.