Жарияланды: 670

Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес бағдарламасын жүзеге асыруға 2003-жылы Маңғыстау облысында 39220 мың теңге қажет

Маңғыстау облысында нашақорлықпен және есірткі саудасымен 2003-жылғы күрес бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030" жолдауына сәйкес жасалған. Онда нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес - үкіметтің басымдық берген міндеті ретінде айқындалған.

Бағдарламаны облыста жүзеге асыру үшін 39220 мың теңге қажет,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған шаралар облыстық бюджет пен басқа да көздерден қаржыландырылады. Бағдарламаны жүзеге асыру шараларына жұмсалатын қаржы көлемін 2003-жылға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру және оны нақтылау жөніндегі бюджеттік комиссия белгілейді. Бағдарламаның мақсаты- есірткі саудасымен күреске және есірткінің таралуына мемлекет пен қоғам тарапынан тиімді тосқауыл қою жүйесін нығайтуға бағытталады. Бағдарлама алға қойған маңызды міндеттерге келсек, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыру жүйесін құру, есірткіге құштарлықты емдеу және оның алдын-алу жүйесін нығайту, психотропты заттар, прекурсорлар мен есірткілік заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою механизмін жақсарту болып табылады. Бағдарламада көзделген шаралардың арасынан бірқатары, атап айтсақ, нашақорлық дертіне шалдыққандарды емдеу бөлімшесін ашу, наркологиялық ауытқушылыққа душар болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерді емдеуге арналған бөлімше ашу, наркологиялық диспансер негізінде клиникалық зертхана ашу, наркологиялық диспансер мен арнаулы емдеу-профилактикалық бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту, есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, облыстық ІІБ-ның иісшіл иттерге арналған питомнигін жарақтандырып көркейту шаралары міндетті қаржыландыруды талап етеді. Бағдарлама жобасын жасауға облыс әкімінің аппараты, облыстық прокуратура, облыстық ІІБ, қаржы полициясы департаменті, облыстық денсаулық сақтау және білім беру басқармасы, әділет және кеден басқармалары атсалысты. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде нашақорлықтың алдын-алу тиімділігін арттыруға, есірткі тұтынушыларды дер кезінде анықтап тізімге алуға, олардың санын азайтуға, еліміздің мемлекеттік және кедендік шекарасындағы бақылауды күшейтуге, есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау қою жүйесін нығайтуға, есірткіге деген сұранысты азайтуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть