Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады.

  • 25 Сәуiр
  • 9
Фото: freepik.com

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Oxford Insights сарапшыларының атап өтуінше, интернет және цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда ЖИ-ды сәтті енгізудің негізгі факторларына айналуы мүмкін. Дегенмен, бірқатар кедергілер бар: 

* заманауи инфрақұрылымның және ЖИ үшін жеткілікті есептеу қуатының болмауы; 
* ЖИ өнімдерінің техникалық қауіпсіздік стандарттарының болмауы, бұл сараптама жүргізуде қиындықтар туғызады;
* деректерге қол жеткізудің қиындатылуы;
* интернет сапасының төмен болуы;
* ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытудың белсенді ұлттық институтының болмауы;
* әлеуетті клиенттер арасында ЖИ өнімдеріне төмен сұраныс және технологияға сақтықпен қарау.

Сарапшылар сондай-ақ технологиялардан тым көп нәрсе күтілетінін, бұл болашақта қаржыландырудың қысқаруына және инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар