Насыбай атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Насыбай атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Насыбай атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Ресей Федерациясында насыбай атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заң алдында тиісті жазасын алуы мүмкін. Бұл жайында аталмыш елдің ішкі істер министрлігі мен федералды тергеу бюросы ұсыныс тастады.

  • 26 Шiлде 2017
  • 573
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, насыбай — Орта Азияда кеңінен тараған жат әдеттердің бірі. Татқан адамның ауыз қуысын зақымдап, миын кептіріп жіберетіндіктен обыр дертіне шалдықтырады. Гигеналық тұрғыдан талапқа мұлдем қайшы жат әдетке тосқауыл қою үшін ресейліктер насыбайға тыйым салынған Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенуді жөн көріп отыр. Қазіргі уақытта насыбай саудасын қыздырып жүргендер тек әкімшілік жазамен ғана құтылып кетіп жүр.  РФ Қылмыстық кодексінде қарастырылған "Есірткі заттарын заңсыз өндіру, сақтау және тарату" бабы бойынша насыбай саудасымен айналысқандар да, насыбай атқандар да жауапкершілікке тартыла алмайды. Насыбай құрамынан есірткі табылған жағдайда ғана аталған қылмыстық бап бойынша жазалауға болады. 

Соңғы жаңалықтар