Жарияланды: 170

National Geographic өзбекше тойдың суретін үздіктер қатарына жатқызды

National Geographic өзбекше тойдың суретін үздіктер қатарына жатқызды

Ең үздік тойдың суреті.

National Geographic 2017 жылдың үздік фотосуреттерін жариялады, соның ішіндегі Джон Стэнмейердің Ташкенттегі өзбекше тойда түсірген суреті де бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Ташкенттегі мейрамханалардың бірінде ағайынды екеу мен олардың жұбайлары тойдың басталуын күтіп тұр. Қазіргі Өзбекстан астанасы көп уақыт бойы Ұлы Жібек жолындағы керуендер тоқтайтын мекендердің бірі болған», - деп жазды Джон Стэнмейер Инстаграмда.

Түрлі жобалар аясында National Geographic-пен ынтымақтастықтағы журналистер мен фотосарапшылар дәстүрлі түрде мыңдаған суреттердің арасынан үздік фотоларды таңдайды.

Еске сала кетсек, 2016 жылы National Geographic-тің фотографы Джон Стэнмейер Қазақстанның Маңғыстау облысына саяхат жасап, қазақтың дәсүрлі тойындағы жас жұбайларды іздеген болатын. Оның Ақтауда түсірген көкпарға дайындалып жатқан шабандоздардың суреті National Geographic-тің фототаспасындағы үздік фотолардың біріне айналған.

National Geographic-тің танымал америкалық фотосуретшісі Джон Стэнмейер фотография саласындағы көптеген халықаралық сыйлықтарды, соның ішінде 2014 жылы World Press Photo сыйлығын да жеңіп алған.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін