НАТО-ның бас хатшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО-ның бас хатшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді

НАТО-ның бас хатшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Шілденің 9 -10 жұлдызында НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсон ресми сапармен елімізге келеді деп күтілуде.

  • 9 Шiлде 2003
  • 516
Фото - Caravan.kz

ҚР сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, сапар аясында Джордж Робертсонның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратовпен, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен, ҚР ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаевпен, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділовпен кездесулері межеленген. Сондай-ақ, НАТО-ның бас хатшысы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында дәріс оқиды.

Сапар аясында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» және «Ғылым-бейбітшілік игілігі үшін» бағдарламалары аясындағы НАТО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тақырыбы, осындай байланыстарды болашақта дамыту жолдары мен төтенше жағдайларды жоспарлау жөнінде талқыланбақ.
Орталық Азия аймағын аралау барысында Қазақстанға да атбасын тірегелі отырған Джордж Робертсонның бұл НАТО-ның бас хатшысы ретінде елімізге екінші келуі.
ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл сапар аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықққа тың серпін береді.

Соңғы жаңалықтар