Наурыз банкті консервациялау мерзімі 21-сәуірге дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз банкті консервациялау мерзімі 21-сәуірге дейін  ұзартылды

Наурыз банкті консервациялау мерзімі 21-сәуірге дейін ұзартылды

Наурыз банкті консервациялау мерзімі 21-сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 777
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ын үш айға консервациялау тәртібі енгізілді. Бұдан кейін Агенттіктің шешімімен банкті консервациялау мерзімі үш мәрте ұзартылды.

Қазіргі жағдаймен Ресейдің «Внешторгбанк» мемлекеттік банкі Наурыз банкті сатып алу мәселесін қарастырып жатыр. Алайда болашақ инвестор болу мүмкіндігі бар банк әзірге агенттікке Наурыз банкті сауықтыруға атсалысу туралы түбегейлі ұйғарым немесе нақты ұсыныс келтірген жоқ.