Наурыз мерекесін төрткүл дүниедегі түркі халықтары тойлап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мерекесін төрткүл дүниедегі түркі халықтары тойлап жатыр

Наурыз мерекесін төрткүл дүниедегі түркі халықтары тойлап жатыр

Наурыз мерекесін қазақтар ғана емес, төрткүл дүниедегі түркі халықтары мен парсылар да тойлауға қызу кіріскен. Балқаннан бастап, Қап тауы, Таяу Шығыс пен Қара теңізді жағалай қоныстанған елдер, тіпті, Америкадағы түбі түркілер де көктем мерекесін қарсы алып жатыр. 

  • 22 Наурыз 2014
  • 654
Фото - Caravan.kz

Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз – атауы түрлі болса да, Наурыз мерекесінің тілегі бір — береке, ырыс, ынтымақтың еш үзілмеуі. Мерекеніңмыңжылдық тарихы бар. Наурызды бұл күндері тұтас түркі әлемінен бөлек, Иран, Үндістан, Ауғанстанда да атап өтуде. Мұхиттың ар жағындағы Лос-Анджелестегі түркілер де Ұлыстың ұлы күнін думандатып қарсы алып жатыр. Оларды Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обаманың өзі арнайы құттықтады.


Барак Обама, АҚШ Президенті:

— Мен сіздерді көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні көптеген әлем халықтары дастархан басында отырып, бір-бірлеріне ізгі-тілектерін айтады. Мен де отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл көктем тек жақсылығын әкелсін.