Наурызбай ауданының тұрғындары мектептің жағдайын алаңдауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурызбай ауданының тұрғындары мектептің жағдайын алаңдауда

Наурызбай ауданының тұрғындары мектептің жағдайын алаңдауда

  • 10 Тамыз 2015
  • 531
Фото - Caravan.kz

23 шілде күні болған сел тақынынан Наурызбай ауданының көшелері мен тұрғын үй ауласын таразту күнделікті жүріп жатыр. Қазір барлық күш № 187 орта мектептің жертөлесі мен ауласын жөндеуге жұмылдырылып жатыр, деп жазады Gazeta.kz,


Жөндеу жұмыстары үзіліссіз жүріп жатыр. дегенмен, ата-аналар комитеті 1 қыркүйекке дейін мектепті қалпына келтіріп үлгермейді деп уайымдап отыр. 

Мектеп төменгі жақта орналасқандықтан, лай көшкіні қатты басып қалған. Жертөлені толығымен, ал бірінші қабатты жартылай лай басқан. Сонымен қатар, спорт алаңы да пайдалануға жарамайды. Күн сайын мектеп ауласынан шамамен 1000 тонна селмен келген топырақтар шығарылады. 

Алайда №187 орта мектеп директоры Әуелбаева Әсем Ондасынқызы, уайымдауға еш себептің жоқтығын, көп ұзамай мектептің жұмысқа кірісетінін айтып жеткізді. 


Қазір сел салдарынан тазарту жұмыстарын әскери қызметкерлер жүргізуде. Олар өз қолдарымен жертөледегі балшықтарды шелекпен тасып шығарып жатыр. 





Айта кетейік, төтенше жағдайлар комитеті Алматыда сел жүру қаупі осы аптаның аяғына дейін сақталады. Жаңа әкім Бауыржан байбек алдымыздағы күндері Наурызбай ауданына бармақ, — деп хабарлайды Today.kz.






Соңғы жаңалықтар