Наурыздың соңында қазақстандық студенттер Киевке оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыздың соңында қазақстандық студенттер Киевке оралады

Наурыздың соңында қазақстандық студенттер Киевке оралады

Киевте «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттер

  • 19 Наурыз 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz

Украинадағы жағдайға байланысты диплом алдындағы практиканы Астанада өтті, деп  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Украина ұлттық техникалық университетінен келіп түскен алдын ала мәлімет бойынша, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері Қазақстанда өткен дипломалды практиканы аяқтағаннан кейін университеттегі оқуын биыл наурыздың соңында жалғастырады», дейді баспасөз қызметі.

Орталық студенттерге Киевке оралғаннан кейін кешкі уақытта тұратын жерлерінен және оқу орнынан тыс шықпауға, адамдар көп жүретін жерлерге жоламауға, Орталық кураторларына кез келген өзгерістер мен туындаған мәселелер туралы баяндауға стандартты ұсыныстар берді.

Бұрын хабарланғандай, «болашақтықтар» Украинадағы жағдайға байланысы 2014 жылдың 21-22 ақпанында Астанаға келіп практика өтуге мәжбүр болды.


Бастапқыда өндірістік практика 16 наурызға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметі бойынша, Украина ұлттық техникалық университетінің политехникалық институтында «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеті студент білім алуда.