Жарияланды: 350

Назарбаев ағылшын миллиардерлерін Қазақстанда ақша табуға шақырды

Назарбаев ағылшын миллиардерлерін Қазақстанда ақша табуға шақырды! Ұлыбританияда ресми сапармен жүрген Елбасы елге инвестиция тартуға жеке өзі кірісті.

Атақты Дауниг Стрит 10 мекен-жайы 18 ғасырдан бері премьерлердің сарайы. Ұлыбритания үкімет басшысы Дэвид Кэмерон да сол тарихи сарайға келген әріптесін есік аузынан қарсы алып, қос мемлекеттің алыс-берісін ұлғайта беруге келісті. Кейін Елбасы Лондондағы ірі корпорациялардың басшыларымен жүздесіп, Қазақстанға инвестиция салудың пайдасы мен тиімділігін түсіндіріп берді. Яғни, инвесторлар салықтан босатылады, виза алуда жеңілдіктер қарастырылған. Ағылшынның қалталы кәсіпкерлерінің бұл ретте қызығушылығы жоғары. Тіпті әлемге әйгілі 80 жастағы Джейкоп Ротшильд Елбасымен тура бір сағат сөйлесті. Лондонда «Арселор Митталлдың» кожайыны миллиардер Лакшми Миттал да Назарбаевпен сөйлесіп бизнесінің жай-күйін талқылады. Жалпы сауда саттықтан бөлек,  Ұлыбритания негізінен қазақтың мұнайы мен-газынан дәмелі. Қазір Тұманды Альбион Қашағанды игеруге қатысып жатыр. Ал осы сағаттарда Назарбаев Букингем сарайында патшайым Екінші Елизаветамен келіссөз жүргізіп  жатыр. Жалпы бұл сапар аясында Астана мен Лондон ондаған миллиард доллардың келісім шартына қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бұл ел Қазақстанға 12 миллиардттан артық инвестиция салған ел. Қарым-қатынасымыз жаман емес. Дағдарыс кезіне қарамастан өркендеп өсіп келе жатыр. Бізге қажеті энергетика ғана емес, басқа салаларда Англияның өндірістерінің Қазақстанға келуі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін