Назарбаев әкімдерді ауыстырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев әкімдерді ауыстырған  жоқ

Назарбаев әкімдерді ауыстырған жоқ

Ескі әкімдер қызметін сақтап қалды! Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев  қазіргі әкімдерге сенім білдіріп, бірде бірін орнынан алмай, қайта тағайындау жөнінде жарлыққа қол қойды.

  • 5 Мамыр 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп республикалық маңызы бар екі қала – Алматы мен Астананың әкімдері Ахметжан Есімов пен Әділбек Жақсыбеков ірі мегаполистерге  басшылық жасай бермек. Бұлардан бөлек 14 облыстың әкімі де өзгерген жоқ. Сондай-ақ, Елбасы президент әкімшілігінің басшысы етіп Нұрлан Нығматуллинді қайта тағайындады. Ал Сенат бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты өз тағында қалуына келісімін берді. Осылайша, Конститцуия бойынша, президент инаугурациясынан кейін отставкаға кеткен, Үкімет пен аймақ әкімдері және Парламенттің мақұлдауын қажет ететін негізгі стратегиялық органдардың басшылары орынтақтарын сақтап қалып жатыр.