Назарбаев: Алматы Астанамен қатар дамуға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Алматы Астанамен қатар дамуға тиіс

Назарбаев: Алматы Астанамен қатар дамуға тиіс

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ірі қаласы Алматы бұдан былай да дамуға тиіс, ол республиканың басты мегаполисі болып қалмақ, деп атап өтті.

  • 27 Наурыз 2014
  • 494
Фото - Caravan.kz

"Алматы еліміздің ірі мегаполисі, ол Астанамен қатар дамуға тиіс. Дәл осындай мегаполис ғылым, инновация, білімді дамытудың басты нүктесі болып табылады", деді ол бейсенбіде Алматы қаласын дамытуға арналған жиында төрағалық еткен кезде.

Президенттің сөздері оның баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.

Н.Назарбаев атап өткендей, Алматы экономика, шағын және орта бизнес, қала құрылысы саласындағы басымдық рөлін сақтап отыр.

Сонымен қатар, қала халқының саны 1,5 млн адамға жуықтап қалғандықтан, оның экологиялық тазалығын ойлау керек. "Көлік саны көбейіп отырғандықтан, көлікті ұйымдастырудың жаңа жолдарын қарастыру керек", деді ол.

"Біздің жұмысымыздың басты бағыты- халықтың әл-ауқатын жақсарту", деді елбасы.


Н.Назарбаев Алматы "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асыруға маңызды үлес қосуға тиіс, деп атап өтті.

Қала халқының көп ұлтты екендігін ескере келе, Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына зейін қою маңыздылығын атап өтті.

"Алматы біздің бүкіл бағдарламаларымызда ерекше орынға ие. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің бесігі іспетті. Алматының Астана секілді бәсекелесінің болғандығын жақсы фактор деп санаймын", деді президент.