Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді

Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 139
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінен видеоның үзіндісі Ақорданың Facebook-тегі парақшасына салынды.

«Маған біреу хат жазды. Онда Назарбаевқа арнап тас ескерткіш тұрғызу керек емес, өйткені ол астананы тұрғызды делінген. Мен онымен толық келісемін. Мұның барлығы – әбігерлік», — деді Назарбаев.«Мен әрқашан да оған қарсымын. Тек университет атауына ғана келістім. Оны үкімет те, ел де қолдауына келістім. Бұл – үлгі боларлық озат оқу орны. Қалғаны – жергілікті биліктің шешімі. Әрине, мен жарлық беріп, бұған тыйым сала аламын. Қазір мен көпшілік алдында жария етемін: бұлай істеудің керегі жоқ. Қажет емес! Тарихта тек ісіңмен қалу керек», — деді Елбасы.

«Ескерткіштерге кейін не болатынын біз бәріміз жақсы білеміз». «Енді атау бердік… Фурманованы ауыстырғаны жақсы болды, басқаны емес…», — деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев.


«Алматы – не дегенмен ыстық қала. Барлығы үшін рақмет. Бірақ олай істеудің керегі жоқ», — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, сұхбаттың толық нұқсасы республикалық телеарналардан бүгін сағат 21:30-да (Астана уақытымен) көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар