Жарияланды: 160

Назарбаев Алматының қауіпсіздігіне алаңдаулы

Назарбаев әлемдегі жантүршігерлік лаңкестіктен соң Алматының қауіпсіздігін күшейтуге пәрмен берді. Бүгін оңтүстік астанадағы резиденциясында Алматы әкімі Бауыржан Байбекті қабылдаған президент әсіресе, стратегиялық нысандар, сауда орындары мен кісі көп жүретін жерлерді қатаң бақылауға алуға тапсырма берді.

Себебі Алматыда көрші елдерден ағылған мигранттардың саны 500 мыңнан асып кеткен. Оның үстіне толастамай тұрған ішкі миграцияны қосыңыз. Келіп-кетіп жатқандарды ешкім тіркеуге алып жатқан жоқ деген Елбасы бұл мәселені дереу шешуді жүктеді. Алып шаһардың әкімі болса, бюджетке алақан жаюды азайтып, экономикаға жеке инвесторларды тартуды жоспарлап отырғанын айтты. Бауыржан Байбектің әлеуметтік салада ауқымды жоспарлары бар екен. Яғни, биыл мегаполисте 14 балабақша, 3 мектеп пен 1 емхананың құрылыс басталмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Алматы Қазақстанның ең үлкен қаласы. Саған аса жауапты қызмет тапсырылды. Өзіңе байланысты қалай жұмыс істейсің. Үлкен қала болғаннан кейін Үкіметте көмектесуі керек, әрине. Тәртіп жөнінде. Қалада істелетін жұмыс өте көп. Құқық қорғау органдарының кемшіліктері толып жатыр. Солармен қосылып нақты-нақты жұмыс істеу керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін