Назарбаев Ақышевқа ешкімнен қорықпау керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Ақышевқа ешкімнен қорықпау керектігін айтты

Назарбаев Ақышевқа ешкімнен қорықпау керектігін айтты

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасының сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен. Мемлеке

  • 3 Ақпан 2017
  • 489
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасының сөзін сөйледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы қаржы мекемесінің жұмысы туралы есеп берді. Баяндамадан кейін Президент министрлер кабинетінің мүшелеріне Ақышевты қорғап сөйледі. 

"Менің ойымша, Ұлттық банк өткен жылы ауыр болғанына қарамастан, жақсы жұмыс істеді. Мен қазір банктің мүмкіндігін заңды деңгейде күшейту үшін тапсырма бердім. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктің ісіне араласу еліміздің қаржы жүйесіне араласу деп санап, жазалау керек. Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Ұлттық банк төрағасын жүз пайыз қолдайтынын айтты. "Мұны акционерлер мен демеушілер жасайды, олар осы жерде отыр. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен", — деді Назарбаев Ұлттық банк төрағасына.

"Мына газеттер, журналистер, олардың иелері кінәлі — біз тәртіп орнатуға кедергі келтіріп жатқан сол иелерге қатысты шара қолданатын боламыз", — деді Президент.


"Егер біреу араласып, тиісіп жатса маған тегін айт", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді. Жолдауда Назарбаев Үкіметтің бір орынды шиырлай беруді доғаруын, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.
 

Соңғы жаңалықтар