Жарияланды: 330

Назарбаев аралдық оқушының арманын орындады

Назарбаев аралдық оқушының арманын орындады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арал қаласының тұрғыны — 2-сынып оқушысы Нұрсұлтан Жақсыгелдиевтің арманын орындады. Қазан айының басында Қызылордаға жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы жергілікті жастармен және балалармен әңгімелескен болатын. Сол кезде кішкентай Нұрсұлтан Астананы өз көзімен көргісі келетінін Елбасыға айтқан екен. Енді аралдық баланың осы арманы орындалып, кеше ол отбасымен бірге Астанаға қыдырып келді.

Оқушының айтуынша, ол Президентпен кездесу кезінде болашақта президент немесе ғарышкер болуды, сонымен қатар Астана қаласына баруды армандайтынын айтып берген. Назарбаев жауап ретінде баланы Елордаға шақырыпты. 

Sputnik Қазақстан тілшілерімен сұхбаттасқан баланың әжесі Айнагүл Бейсембаеваның айтуынша, Нұрсұлтан жеті жаста, екінші сыныптағы үздік оқушылардың қатарында. Нұрсұлтан Астанаға өзінің отбасымен – әжесі, ата-анасы және қарындасымен келген. 

"Немеремнің арқасында біз қаланы көрдік. Астанада үш күн болып, ертең жолға шығамыз. Президентпен кездесе алмадық. Ол сапарға кетіп қалыпты", — деді ол. 

Нұрсұлтанның айтуынша, ол Астанадағы Бәйтерекке, океанариумға, мұражайға барып үлгерген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін