Назарбаев Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Назарбаев Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды

  • 5 Ақпан 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын. Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым. Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет", — делінген Ақорданың хабарламасында. Президент мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараны қабылдау керектігін айтты.

Еске салайық, 4 ақпан күні Астанада жер үйдегі өрт салдарынан бір отбасының бес бірдей баласы қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға бас қаланың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Ата-анасы ол кезде түнгі жұмыста болған. 


 

Соңғы жаңалықтар