Назарбаев атақты Елисей сарайында Олландпен кездесті
Назарбаев Елисей сарайында! Еуропаны аралап жүрген Елбасы әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің бірі - Франциямен байланысты қазіргіден де жандандыруға келісті. |
Салтанатты шара бірнеше бөлімнен тұрды. Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев мінген кортеж Париждегі Мүгедектер үйіне аялдады. Бұл 14 ғасырда Людовиктің кезінде соғыста жараланған сарбаздар үшін тұрғызылған тарихи нысан. Бұл жерде қарауыл күзеті сап түзеп, қос мемлекеттің әнұраны орындалды. Протокол бойынша, бұл жерде Франция президенті болмауы тиіс. Франсуа Олланд бұл кезде әріптесін Елисей сарайында күтіп тұрған. Сарайға бірнеше метр қиыршық тас төселген жолмен жаяу барған Елбасыны есік аузынан Олландтың өзі қарсы алды. Бұдан кейін Олланд пен Назарбаев жеке кездесіп, екі мемлекеттің алыс берісін талқылады. Еуроодақтың негізгі ойыншысы, әлемнің 5-ші экономикасы әсіресе, Қазақстанның энергоресурсына көз тігіп отыр. «Қашағанда» да коммерциялық мүддесі бар. Ал Елбасы қос ел арасындағы байланыстың дамуына ерекше үлес қосқан Олландттың еңбегін ескеріп, «Достық » орденімен марапаттады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін