Назарбаев бас шұлғи беретін министрлерді сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев бас шұлғи беретін министрлерді сынады

Назарбаев бас шұлғи беретін министрлерді сынады

Нұрсұлтан Назарбаев бастама көтермей, үндемей бас шұлғи беретін министрлерді сынады. Бүгін президент сайлаудан соң тегіс өз орнында қалдырған Үкіметті Ақордаға шақырып, көптен айтып жүрген  5  реформаны қалай жүзеге асыру керектігін талқылады. 2 сағат бойы тек Елбасының аузына қарап отырған министрлер соңында сөз естіп тынды.

  • 6 Мамыр 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен сендерге  айтып отырмын. Сендер үндемейсіңдер. Министрлікті, агенстваны, комитеттерді қысқарттық.  Бірақ,  неге екені шенеуніктер қысқармайды. Суға салсаң батпайтын отқа салсаң жанбайтын тәрізді. «Самұрық Қазына» құртып жатырмыз дейді, бірақ ешкім ешқайда кетпейді.  Түкке пайдасы жоқ қызметкерлер орындарында әлі отыр. Бердібек солай ғой? Біліп отырсың сенде, бірақ істемейсің.

Пайдасыз шенеуніктерден бөлек, Назарбаев бүгін былыққа батқан соттарға шүйлікті. Әділдікті ұмытқан олар халықтың сенімінен әбден жұрдай болған. Ал полициядан қайран шамалы. Сондықтан мемлекет басшысы қолға алған ауқымды  5 реформасы аясында адамдардан алшақтап кеткен Жоғарғы сот пен Ішкі Істер министрлігінің қызметін жөнге салмақ. Жемқорлықтан ада мемлекеттік аппаратты құру кезінде, шенеуніктерге жалақысы істегін жұмысына қарай белгіленіп тіпті сыйақы да беріледі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін байлардың шетелге тыққан ақшасын елге қайтаруға қайта шақырды. Десек те, бүгінгі жиында Елбасыдан Жоғарғы сот төрағасы мен Ішкі Істер министрі көбірек сөз естіді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Не будем скрывать безобразей судейском системе много. Старые кадры сидят, мздаймства, кого ловим кого не ловим. А народ все знает. «Жансая» тут рядом. Где в одном подъезде за неделю несколько квартир обокрали. Никто не может найти. Что за полиция? Я в этом случае думаю, что кражи производятся вместе с полицейскими. Знают, когда человек ушел, подбирают ключи, заходят. А где охрана? Где «умный город» наш? Где наши записи слежения?