Назарбаев белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

Назарбаев белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті

  • 31 Қаңтар 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

 Елбасы белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл турлы Caravan.kz порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

"Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті", – делінген жеделхатта.

30 қаңтар күні 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасының бас редакторы және Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев инфаркт алып, қайтыс болды.

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті.


Ол Атырау облысының жергілікті басылымдарында, кейін республикалық басылымдарда – КТК телеарнасы мен "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газетінде бас редактордың орынбасары лауазымын атқарды.

Сондай-ақ, республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда "Астана қалалық телевидениесі" ЖШС-нің бас директоры және "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-нің бас продюсері болды.

Михаил Дорофеев әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі болды.

 

Соңғы жаңалықтар