Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ

Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады, - деп хабарлайды РИА Новости "Коммерсант" газетіне сілтеме жасап.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Басылым хабарлауынша, бұл шешім 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесінде одаққа мүше президенттердің қатысуымен өтетін жиында қабылданады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшылары одақтың бес жылдығы мен оның нәтижелерін талқылайды, сондай-ақ осы уақытта дейін жеткен нәтижелер қарастырылады. 

"Басылымның хабарлауынша, жиында басты назар Нұрсұлтан Назарбаевта болады. Одаққа қатысты адамдардың сөзінше, ол бұл күні Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болып тағайындалады", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ. Сондықтан да Назарбаевтың құзыреті әлі белгіленбеген.

"Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады", — делінген газетте. 


Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан еді. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Ол оған дейін Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.

Соңғы жаңалықтар