Назарбаев ИКҰ елдерінің экономикалық даму стратегисын әзірлеуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ИКҰ елдерінің экономикалық даму стратегисын әзірлеуді ұсынды

Назарбаев ИКҰ елдерінің экономикалық даму стратегисын әзірлеуді ұсынды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдерінің бәсекеге қабілеттігін арттырып, табыстың барынша әділетті бөлінуі үшін Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық даму стратегиясын қабылдау қажет деп есептейді.

  • 28 Маусым 2011
  • 590
Фото - Caravan.kz


«Біз ИКҰ мемлекеттерінің экономикалық даму стратегиясын әзірлеуді ұсынамыз», — деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.
Н.Назарбаев әлемдік энергия көздерінің 70 пайызы ИКҰ елдерінің қолына шоғырланғанына қарамастан, «оларға әлемдік ІЖӨ-нің тек 7,5%-ы, әлемдік тауар айналымының тек 11%-ы ғана тиесілі» екенін атап өтті. «Бұған көнуге болмайды деп ойлаймын. Біз ИКҰ-на мүше мемлекеттің әр қайсысының бәсекеге қабілеттігін арттыруымыз қажет», — деді елбасы.

Соңғы жаңалықтар