Назарбаев күрең береттің иесі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев күрең береттің иесі атанды

Назарбаев күрең береттің иесі атанды

Нұрсұлтан Назарбаев күрең береттің иесі атанды. Бұл тек арнаулы жасақтың таңдаулы сарбаздарына берілетін жоғарғы дәреже. Бүгін Астанада Ұлан ұлттық гвардиясының әскери қалашығын ашуға келген президент осындай тосын сыйға ие болды. Ал Елорда іргесінен тұрғызылған қалашықтың құрылысы тура 5 жылға созылып, оған 9 миллиард теңге бөлінген. Жұмсалған ақшаның зая кетпегеніне Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы анық көз жеткізді.

  • 15 Қараша 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздардың казармасын, ауқаттанатын асханасын, шынығатын тренажерлық залын аралап шықты. Тіпті мұнда  нысананы дәл көздеп үйренетін жерде бар. Себебі Ішкі Әскер Ұлан ұлттық гвардиясы болып өзгерген соң, ол атына заты сай болуы тиіс. Ал әскери қалашықта отан алдындағы борышын өтеуге келген жігіттермен бірге, келісім-шарт бойынша қызметке алынғандар да тұрады. Олардың отбасылары үшін 104 пәтерлік тұрғынүй салынған. Заманауи үлгідегі қалашықтың стадионынан бастап, жеке емханасына дейін бар. Арнайы техникамен қамтылған жедел әрекет ететін элиталық бөлімге артылған жауапкершілік үлкен. Ол Астананың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау. Ал осы Ұландар Экспо-2017 көрмесі кезінде, бас қаланың күзетіне жауапты болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


-Бұл өте құрметті күн. Құтты болсын деймін сіздерге.Мына қалашықтың ішінде барлық жағдай жасалған. Сіздердің тұруларыңыз үшін. Офицерлердің жанұяларының тұруы үшін. Жаттығу үшін спорт залдары бар. Керемет теңдесі жоқ. Осының барлығы сіздерге деген қаморлық.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ақордаға құр қол қайтқан жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевқа, тек таңдаулыларға берілетін «Бүркіт» арнаулы жасағының күрең береті табыс етілді.

-Батылдық пен ержүректіліктің, белгісі, «күрең беретті» тапсыруға рұқсат етіңіз.

-Күрең берет?

— Дәл солай.

— «Бүркіт» кеуде белгісін де табыс етеміз.