Назарбаев Мамин жайлы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Мамин жайлы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз

Назарбаев Мамин жайлы: Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі Бюросының отырысына қатысты. 

  • 25 Ақпан 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz

Назарбаев жаңадан сайланған премьер-министр жайлы өз ойын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды.

– Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздермен жаңа Премьер-Министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.


– Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Соңғы жаңалықтар