Жарияланды: 1300

Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты

Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты Сурет - 24.kz

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататынын қай елдің президентіне бірінші айтқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде айтты.

"Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге (Ресей президенті Владимир Путин - авт.) хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. "Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім" дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ", - деді Назарбаев.

Еске салайық, 2019 жылы 19 наурызда Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін