Назарбаев Орта Азия елдерін су-энергетикалық проблемаларды халықаралық құқыққа сәйкестендіре отырып шешуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Орта Азия елдерін су-энергетикалық проблемаларды халықаралық құқыққа сәйкестендіре отырып шешуге шақырады

Назарбаев Орта Азия елдерін су-энергетикалық проблемаларды халықаралық құқыққа сәйкестендіре отырып шешуге шақырады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Орта Азия елдері су-энергетикалық проблемаларды халықаралық құқыққа сәйкестендіре отырып шешуі керек. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовпен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 767
Фото - Caravan.kz

«Әрине, су-энергетика проблемалары бізді толғандырады. Себебі, миллиондаған адамдардың өмірі мен жұмысы олардың қалай шешілетініне тәуелді. Біз бұл проблемаларды халықаралық құқыққа сәйкестендіре отырып келісуді қалаймыз», — деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

«Су жөніндегі консорциум құруға келер болсақ, әзірге ештеңе де шығар емес. Өйткені, біздің пікірлеріміз әрқилы және де біреулер судан су энергиясын алып, оны тауар ретінде сатқысы келіп, қалғандары осы судың егіс суару мақсатына пайдаланылуын қалап отырғанда келісу қиын. Қалай дегенмен осы мүдделерді жақындастыру қажет. Біз осы үшін біз бәріміз жұмыс жасауымыз керек», — деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысы сәуір айының соңында Бішкекте Орта Азия елдерін сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеіссөздер өтуі керек екендігін еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті