Кездесуде Кеден одағы, Украина басшылары мен Еуропалық одақ өкілдерінің арасындағы кездесу қорытындыланды.
«Мемлекеттердің басшылары кездесуде қол жеткен келісімдердің Украинадағы ахуалды жақсартуға оң ықпал ететініне сенім білдірді», — деп хабарлайды Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен А.Лукашенко екі ел арасындағы сауда-экономикалық, индустриалды-инновациялық және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.