Назарбаев пен Саакашвили бірлескен коммюнике қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Саакашвили бірлескен коммюнике қабылдады

Назарбаев пен Саакашвили бірлескен коммюнике қабылдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Грузия мемлекет басшысы Михаил Саакашвили Тбилисиде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Қазақстан мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2005
  • 746
Фото - Caravan.kz



«Біз экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер бойынша мәмілеге келдік. Соның ішінде транзиттік-транспорттық әлеуетті пайдалану, қазақстандық кәсіпкерлердің Грузиядағы жекешелендіруге атсалысуы, Қара теңізде туризм мен демалыс нысандарын құру мәселелері бар»,- деді кездесу қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Н.Назарбаев.
Өз кезегінде М.Саакашвили: «Қазақстан бірегей даму деңгейіне қол жеткізіп, барша елдер үшін гүлдену мен ырыс-игіліктің үлгісіне айналды»,- деп атап өтті. «Біз Қазақстаннан көп нәрсе үйреніп жатырмыз. Экономиканың көптеген салалары бойынша екі елдің мүдделері өзара сабақтасады»,- деді Грузия президенті.
Тараптар қабылдаған коммюникеде екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру қажеттігі айтылған.
Мемлекет басшылары «мұнайгаз кешені саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасын жүзеге асыру және Қазақстан газын Грузияға сату мәселесі бойынша өзара ынтымақтастықты дамытуға ықылас білдірді»,- делінген коммюникеде.
Сонымен бірге құжатқа сәйкес екі ел президенті «Қазақстан мен Грузия үкіметтеріне жүк тасымалының тарифтерін реттеу, соның ішінде ТРАСЕКА жобасының аясындағы бағалар мен Каспийдегі Ақтау айлағы мен қара теңіздегі Поти және Батуми айлақтарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын қарастыруға тапсырма берді».
«Екі халық арасындағы етене тарихи және мәдени байланыстарды ескерген екі мемлекет басшысы парламентаралық байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталып, білім, ғылым, ақпарат, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы байланысты бекіте түсуге деген ортақ мүдделілікті растап, қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту қажеттігін атады»,- делінген құжатта.
Екі президент сонымен бірге жоғарғы деңгейдегі саяси диалогты жалғастыруға пейіл білдірді.
Н.Назарбаевтың Грузияға ресми сапары 4-қазаға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар