Назарбаев пен Тоқаев қатысатын ЖЕЭК отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Тоқаев қатысатын ЖЕЭК отырысы басталды

Назарбаев пен Тоқаев қатысатын ЖЕЭК отырысы басталды

Online режимінде ЕАЭО елдерінің мемлекет басшылары қатысатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды.

  • 21 Мамыр 2021
  • 3630
Фото - Caravan.kz

Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Шараға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысады.

 

Сондай-ақ, Куба президенті Мигель Диас-Канел мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттердің басшылары ретінде қатысуы жоспарланған.

Мемлекеттер басшыларына ЕАЭО-ның ортақ газ нарығында баға мен тариф белгілеу тәсілдерін келісу және басқа елден газ тасымалдауға тариф белгілеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы баяндама ұсынылады.

YouTube-та отырыстың онлайн-көрсетілімі жарияланған.

Сондай-ақ, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі 2020 жылғы жұмыс нәтижелерін, көрсетілетін қызметтер саудасын, қызметті құру мен реттеу қағидаларында көзделген ережелердің 2019-2020 жылдары орындалуын талдау нәтижелерін талқылау жоспарланған.


"Жоғарғы Кеңес мүшелері қарауы мүмкін мәселелер:

  • мүше мемлекеттердегі макроэкономика саясатының 2021-2022 жылдарға арналған негізгі бағдарлары;
  • ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өсімдік сорттарын сынау және тұқым шаруашылығы салаларындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған шаралар тізбесі;
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен бекітілген мүлікті бағалау бойынша көрсетілетін қызметтер секторы бойынша ырықтандыру жоспарына өзгерістер;
  • кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау шараларын жүргізу туралы келісім.
Соңғы жаңалықтар