Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 25-сессиясын шақыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 25-сессиясын шақыртты

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 25-сессиясын шақыртты

ҚР Президенті Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақырту туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 24 Наурыз 2017
  • 890
Фото - Caravan.kz

Құжаттың толық нұсқасы мынадай:

1. Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Айта кетейік, 2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай елімізде Ассамблея жылы деп бекітіліп, жыл бойы осы мерейтой аясында жүздеген іс-шара өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар